3D көзілдірігіңізді сүртіп кіріңіз немесе бала-арманның орындалуы



— Менде армия бар!
— Ал бізде Халк бар.
Локи мен Тони Старктың диалогынан


Бала қиялдың шеті де, шегі де жоқ, күндіз көзіңмен көріп, көңіліңмен сезінген дүние, түнде түсіңе кіріп сана-сезіміңді сол бір ертегі-әлемге барынша жақындататыны бар-ды. Жеке өзім Marvel Comics қаһармандарын бертінде бір-ақ көрдім, алайда адамзатты құтқарудан басқа істейтін істері жоқ супер-кейіпкерлер басының бір жерге қосылғаны алыста қалған бал-уақыттың ғажайып сәттерін қайта оралтқандай болды.
Әрі қарай

Холмстың өлімі немесе пони неге шанышқымен жүгірді



Мен де сіз көргенді көрдім, бірақ, мен онымнан басқа қорытынды шығардым.

Артур Конан Дойлдың Шерлок Холмс туралы «Шұбар лента» шығармасынан


Шерлок Холмс туралы оқиғаларды елдің есі кетіп оқитынына Артур Конан Дойлдың жыны келеді екен дейді елдің аузы. Қылмыскерлерді шырылдатып жүріп ұстайтын Бейкер-стриттың тұрғынын Дойл ақыры жазушылардың кең қолданатын әдісімен қағаз бетінде «өлтіріп» тынған-ды. Алайда, арасында корольдың туыс-туғаны бар бүтін бір қауымның Холмсты іздеп «қайдалауы» суреткерді зұлым профессор Мориартидың құшағында су түбіне кеткен Ватсонның досын сахнаға қайта шығаруға мәжбүр қылыпты.
Әрі қарай